COVID-19: әлем абыржулы

1045

0

Мәселен, Германияда 1 наурыздан бері миллионға жуық әуе рейсі тоқтаған. Бұл туралы Almaty.tv  хабарлады.

Неміс ұстаздары одағының мәлімдеуінше,  елде сондай-ақ, 300 мың оқушы мен 30 мың оқытушы карантинге оқшауланған. Мектептер біртіндеп жабылып жатыр. Көктемде 50 мың оқушы онлайн оқуға көшкен болатын.

Ал Ливанда тағы локдаун енгізілді. Шектеу шарасы 14 қарашада күшіне еніп, айдың аяғына дейін жалғасады. Осылайша билік өкілдері вирустың таралуын тоқтатып, денсаулық сақтау саласына түскен жүктемені азайтпақ.

Соңғы тәулікте Ресейде 352 адам қауіпті кеселден көз жұмған. 15 қарашадағы мәлімет бойынша Ресейдің 85 аймағында 22572 адамнан вирус анықталса, оның басым бөлігі Мәскеуде тіркелген. Осыған байланысты Мәскеу коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын күшейтпек. Қала мэрі індет жұқтырғандар санының өскенін, алдағы апталарда жағдайдың одан әрі нашарлауы мүмкін екенін айтты. Жаңа шектеулер 13 қарашадан 15 қаңтарға дейін, екі ай мерзімге енгізілді.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқуға көшеді. Оқушылардың көлік карталары уақытша бұғатталады. Мейрамхана, кафе, клубтар және басқа да ойын-сауық орындарының жұмыс уақытына шектеу қойылады.

Италияда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 41 мыңға артты деп хабарлайды BAQ.KZ. 15 қарашадағы мәлімет бойынша бір тәулікте індет жұқтырған 550 науқас қайтыс болған. Кампания және Тоскана «қызыл аймаққа» енді. Елде «қызғылт сары аймақтардың» қатары да кеңейіп келеді.

Испанияда бір тәулікте ауру жұқтырған 21 мыңнан астам адам анықталған. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 498 жағдайды құрады. Бұл –көрсеткіш шектеу енгізудің шекті саны.

Ұлыбритания ауруханаларында коронавирус жұқтырған 15 мыңға жуық науқас емделуде. Вирустың таралу жылдамдығы бәсеңдегеніне қарамастан мамандар шек­теулерді жеңілдетуге асық­пайды. Себебі шек­теулерді жеңілдету бұл үрдіске теріс әсер етуі мүмкін деп есептейді олар.

Австрияда қайтадан ұлт­тық карантин енгізілді. Сейсен­біден бастап далаға тек орынды себептермен шығу мүмкін болады. Мектептер қашықтан оқып, қызмет көрсету орындары мен дүкендердің көпшілігі жабылады.

Ал елімізде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мә­ліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Жалпы науқастардың арасында 217 адамның жағдайы нашар.  23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Коронавирус індетіне қатысты әлемдегі ахуал алаңдатарлық. Күн өткен сайын күшіне мінген қауіпті кесел тығырыққа тіреуде.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<