COVID-19 белгілері байқалмаған науқастардың өкпесі қалай зақымданады?

571

0

COVID-19 белгілері байқалмаған науқастардың өкпесі қалай зақымданады? Компьютерлік томография COVID-19 белгілері байқалмаған науқастардың өкпесі қалай зақымданатынын көрсетті, – деп хабарлайды «Известия»

Жапониялық ғалымдар Diamond Princess круиз лайнерінде коронавирус жұқтырған 104 адамның 76-сына зерттеу жүргізген. 41 адамның өкпесінде өзгерістер байқалған. Яғни ол 41 адамның барлығында вирустың белгілері болмаған.

Сарапшылардың қорытындысына сүйенсек, COVID-19-дың белгілері білінбеген науқастардың да вирус белгілері айқын байқалған науқастардағыдай өкпесі зақымданған.

«Бастапқыда коронавирустың белгілері байқалмайды. Бірақ кейін ол бірден өкпені зақымдайды. Артынша асқынады да тыныс алуға кедергі келтіреді. (…)», – деген еді осыған дейін америкалық дәрігерлер.

Айта кетейік, 6 сәуірде АҚШ мамандары коронавирус белгілері байқалмаған науқастардың санын атаған еді. Олардың айтуынша, науқастардың 25-50 пайызында вирус белгілері байқалмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<