COVID-19: Өткен тәулікте 57 дерек анықталды

658

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 5350. Өткен тәулікте 57 жағдай тіркелді.

Оның 32-сі симптомды, 25-ы симптомсыз. Вирус анықталған 14 науқас инфекциялық стационарда, 43-і үй жағдайында бақылауға алынды.

Ал індеттен айыққан науқастар саны 4419-ға жетті. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны – 21257, тікелей қарым-қатынас-18509, ықтимал қарым-қатынас-2 748.

Өткен тәулікте зертханаларға тапсырылған сынамалар саны – 1796, тексерілгені – 1275, жұмыс жасалуда – 521. Қалдық тест саны – 18365. Эпид. маусым басталғалы бері 307956 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<