COVID-19 пандемиясының жаңа толқыны басталуы мүмкін

1379

0

Коронавирустың «Британдық» штамы COVID-19 пандемиясының жаңа толқынының бастауы болуы мүмкін.


Wellcome Trust қоры мен Базель университеті қызметкерлерінің пікірінше, бұл құбылысты тек қатаң шектеу шаралары тоқтата алады екен.

B.1.1.7 штамы әдеттегіден 50-70% жұқпалы болып келетіндігі белгілі. Ғалымдар аталған штамның адам денсаулығына қауіптілігі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оның жоғары жұқпалылығына алаңдаушылық білдіруде.

Мутация таралған елдерде қайғылы гипотеза қазірдің өзінде расталуда. Ирландияда COVID-19 жұқтырғандардың төрттен бірінде B.1.1.7 штамы анықталған. Данияда да осындай жағдай орын алуда.

Сонымен қатар, ғалымдар Оңтүстік Африкада пайда болған B.1.351 деп аталған жаңа мутациясына зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

BAQ.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<