Медициналық сақтандыру қоры жекеменшік клиникаларды тарту үшін коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу ақысын ұлғайтуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақыта стационарда коронавирус жұқтырғандардың әрқайсын емдеу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық ұйымының атына бекітілген тарифтер бойынша төлем жасалады: карантиндік стационарда – 10,4 мың теңге; провизорлықта – 11,6 мың теңге; инфекциялық стационарда – 15,1 мың теңге.
«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, провизорлық емдеуге жатқызу тарифі 1 күнге 21,9 мың теңгеден асады; тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда емделіп шығу тарифі – 32,2 мың теңгеден асады; науқастың анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде болуы тарифі – 1 күнге шамамен 70 мың теңге. Сондай-ақ, мобильді бригаданың қызметтеріне де тариф қарастырылған – 1 шақыру үшін 5 500 теңгедей», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<