Елдегі дәріханаларда халық ішінде үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмек түрлері қашан әкелінеді? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова жауап берді.
«Елдегі дәріханалардан кейбір препаратты халық жаппай сатып алып кетті. Негізгісі ыстық түсіретін – парацетамол. Жалпы біздің елде парацетамолдың 80 түрі барын атап өткім келеді. Ол таблетка күйінде де, сироп мен свеча күйінде де сатылып жатыр», – деді вице-министр.
Оның айтуынша, парацетамол қазіргі уақытта елдегі өңірлердің бәріндегі дәріханаларға таратылуда.
Алматыда қазір де бар. Қарағанды облысындағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы дәріханаларда да қолжетімді. Алдағы екі-үш күннің ішінде аймақтарға да жеткізіледі», – деді Людмила Бюрабекова.
Вице-министр сонымен бірге дәріханаларға вирусқа қарсы препараттар да жетпей жатқанын айтып өтті. Ол препараттар да жақын арада өңірлердің бәріндегі дәріханаларға жеткізілмек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<