Данагүл – «Үздік акушер»

1121

0

Аймақтың әр ауданынан акушерлер қатысқан байқауда  облыстық перинаталдық орталығының босану бөлімінің акушері Данагүл Ағатаева үздік атанды.

Ол  Қызылорда медицина колледжін үздік дипломмен бітірген. Еңбек жолын қалалық перзентхананың обсервация бөлімінің акушері ретінде бастаған. Он сегіз жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Жоғары санатты акушер. Бүгінде өзінің тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп келеді.

Босану бөлімінде 40 акушер еңбек етуде. Данагүл Әбдуалиқызының жетістігі физиологиялық босануды жүргізу, яғни дәрігердің қатысуынсыз-ақ жүкті әйелді өзі қабылдап, өзі босандырады. Бұл іс білім мен біліктілікті ғана емес қайсарлықты қажет етеді. Қорқынышқа бой алдырмау, батыл шешім қабылдау маңызды. Себебі ананың да, баланың да өмірі акушердің қолында. Ісіне жауапты Данагүл бұл міндеттерін сәтті орындап келеді. Қаншама әйелді босандырып, алғысқа кенелді. Жүздеген шақалақтың кіндік анасы атанды. Ана мен баланың амандығын ойлаған акушер өзі де үш баланың анасы. Қызмет пен отбасын қатар алып жүр. Облыс бойынша «Үздік акушер» атанған әріптесіміздің жетістігі мерейімізді үстем етті.

Гүлвира СЕЙТЕНБАХОВА,

облыстық перинаталдық

орталығының босану бөлімінің меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<