ДДСҰ мамандары Қытай ғалымдарымен коронавирустың шығу тегін тергеуді бастады

1009

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы көптен күткен коронавирус пандемиясының шығу себептерін тергеуді бастады.

Рейтерс агенттігінің ақпаратына сәйкес, ДДСҰ өкілдері Уханьдағы бір топ қытайлық ғалымдармен бірге қаладағы ауруханаларға, зертханаларға, сонымен қатар коронавирус алғаш пайда болды делінген Хуанан базарына да барды.

«Барлық гипотезалар кестеде және команда өз жұмысында ғылымды негіз етіп, COVID-19 вирусының шығу тегі туралы түсінуге тырысады» деп жарияланды ДДСҰ-ның ресми Твиттер парақшасында.
Qamshy.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<