Екі күнде 265 адамға вакцина егілді

587

0

Өңірде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары басталғаны белгілі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алғашқы күні 105, екінші күні 160, барлығы 265 адамға вакцина салынды.

Шараның екінші күні №6 емханада облыстық психикалық денсаулық орталығының 47 қызметкері ерікті түрде індетке қарсы екпе алды.  Олар алдымен тіркеуден өтіп, дәрігердің қабылдауында болды. Терапевт дәрігердің рұқсатынан кейін ғана екпе салынды.

– Қазір – сындарлы кезең. Әр адам өзінің және жақындарының саулығына жауапты. Мен бұл екпеге сенемін. Сондықтан салдыруды жөн көрдім. Біз осылай ғана індетке қарсы тұра аламыз, – дейді орталық қызметкері Абылай Пазылханұлы.

Қанша адамға вакцина егілгені туралы мәлімет күнделікті кешкі сағат 18.00-ден кейін ғана белгілі болады. Сондықтан екі күннің ғана мәліметін беріп отырмыз.

Айта кету керек, елімізде, оның ішінде біздің облысымызда да ресейлік «СпутникV»  вакцинасы егілуде.  Егу жұмыс­тары облыс орталығындағы №1,3 және №6 қалалық емханаларда жүргізілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<