Екпе ерікті түрде егілуде

1174

0

Облыстағы барлық ауданда ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозалары салынуда. Мәселен, Қармақшы мен Жалағаш ауданына 100 дозадан жеткізілді. Басым бөлігі медицина саласының қызметкерлеріне салынуда.

– Ауданда екпе салу ерікті түрде жүргізілуде. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалім, мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары қабылдайды. Екпе салынған пациенттердің жағдайлары қанағаттанарлық. Олар 3 күн бойы бақылауда болды. Жанама әсерлер байқалмады. Вакцинациялаудың екінші кезеңінде 3300 доза келеді, – деді Жалағаш ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Аманкүл Маханбетова.

– Қармақшы ауданында екпе егу жұмыстары 9-15 наурыз жүргізілді. Аудан бойынша 100 адамға егілді. Оның ішінде, 94-і бірінші болып жұқпалы аурулар бөлімшесінің, жедел медициналық көмек, реанимация, жалпы тәжірибелік дәрігеріне, қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлеріне салынды. Егуден кейін асқынулар тіркелген жоқ. Алдағы уақытта 320 дана Спутник-V вакцинасы күтілуде. Келген уақытта жоспар бойынша мұғалімдер қамтылады. Мен өзім де коронавирус инфекциясына қарсы екпені салдырдым. Ешқандай кері әсер болған жоқ. Барша халықты бұл індетті жою үшін вакцинациялауға шақырамын, – деді Қармақшы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<