Еліміздің екі үлкен қаласында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе өсті

435

0

Өткен апта ішінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирус жұқтырғандардың саны 1,7 есе өскен. Бұл туралы Үкіметтің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша 421 121 адамнан корнавирус анықталды. 26 маусымнан бері Қазақстан Республикасы «қызыл» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта 5 өңір бар – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен БҚО, Алматы және Қарағанды облыстары. Басқа өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта тұр. Соңғы аптаның ішінде коронавирус инфекциясының 39 пайыз өсімі байқалып отыр», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, күн сайын стационарлардағы төсектердің жүктелімі де көбейіп келеді. «Республика бойынша инфекциялық төсектердің жүктелімі 29 пайызға, реанимациялық төсектердің жүктелімі 24 пайызға жетті. Республикаадаға сырқатанудың көрсеткішінің өсімі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы 1,7 пайыз өсіммен байланысты. Бұл бүкіл республикадағы сырқаттану көрсеткішінің 43 пайызына тең», – деді Алесей Цой.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<