Ертең дүниежүзілік денсаулық күні

1989

0

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. 2022 жылдың тақырыбы – «Біздің әлем, біздің денсаулық». Бұл ұран адам денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтау және қоғамдық денсаулығын белсенді түрде нығайту бойынша шұғыл әрекет етуді талап етеді. Әлемде жалғасып жатқан пандемия, экологиялық, экономикалық дағдарыстар аясында қатерлі ісік, астма, жүрек аурулары және т. б. сияқты аурулар өсуде.

«Денсаулық – бұл аурудың немесе мүгідектіктің болмауы ғана емес,толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, пациенттердің құқықтарын қорғауға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған әлеуметтік жүйе. Биыл аймақта МӘМС жүйесімен қамту бойынша Жол картасы іске қосылды. Бүгінде өңір халқының 80% – ы сақтандырылған. Бұл көрсеткішті 85% – ға дейін жеткізу міндеті қойылды», – деп хабарлайды Бақыт Исмаханбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<