Халық денсаулығы – даму кепілі

2501

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықтың денсаулығын нығайту – денсаулық сақтау саласының маңызды міндеттерінің бірі.

Аталған салада бірқатар кешенді жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң үрдісі байқалады.

Осы және өзге де атқарылған жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков баяндады.

Аймақта денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы қалыптасқан.

«Қызылорда облысы бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2,7%, туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 9,3%, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 22,2%, қатерлі ісіктерден аурушаңдық көрсеткіші 3,8%, қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 11,7%, жүрек-қанайналым жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 0,4%, жүрек-қанайналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 13,1% төмендесе, ана өлімі тіркелген жоқ», – деді Олжас Ермекұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<