Іштегі майды қалай кетіреді?

1426

0

Іштегі майды кетірудің түрлі жолы мен әдісі айтылып жатады. Деннің саулығы мен артық салмақ көбіне тамақтануға байланысты. Жақында британиялық диетологтар тамақтану жайын зерттей келе, іштегі майды кетіруге себін тигізетін тағамдарды анықтапты.

Мамандар ең бірінші құрамында ақуызы мол тағамдарды тұтынуға кеңес береді. Ол тағамдарға бірінші кезекте жұмыртқа мен балық кіреді.

Іштегі майды кетіруге ниеттеніп жүргендер үшін балықтың ішінде тунец пайдалы. Себебі өзге балық түрлеріне қарағанда майы аз болады.

Британиялық диетологтар айтқандай, жұмыртқа да арықтауға көмектеседі. Зерттеулер нәтижесі бойынша таңда жұмыртқа жегендердің 65%-ы салмақ тастаған. Мұны мамандар жұмыртқаның тойымды және қарынды тез ашырмайтынына байланысты дейді.

Іштегі майдан құтылу үшін күнделікті тұтынатын тағамдар қатарына құлпынай, таңқурай мен қаражидекті қосу керек. Бұл жидектер жасұныққа бай, асқорытуды жақсартады әрі іштің кеуіп кетпеуіне көмектеседі.

Диетологтар қарбызды да көбірек жеуге үндейді. Құрамындағы заттар ағзадағы калорияның көбірек жұмсалуына сеп болады.

Массагет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<