Карантин кезінде дәрігерлер қазақстандықтарға тегін консультация жасайды

1070

0

Карантин кезінде дәрігерлер қазақстандықтарға тегін консультация жасайды, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

Шалғай ауылдарда бейінді мамандар жоқ, ал қала тұрғындары дәрігерге баруға уақыт таппайды. Осыған байланысты 2020 жылдың басында Қазақстанда 1430.kz онлайн-платформасы іске қосылды, жаңа қызмет арқылы тұрғындар бейінді мамандардан кеңес ала алады. Еліміздің кез келген аймағында отырып үйден шықпай-ақ дәрігермен байланысуға болады.

Бұл платформаның басты екі мақсаты бар. Тұрғындарға кеңес беру және дәрігерлердің қосымша табыс табуына мүмкіндік беру. 1430.kz қызметі арқылы Қазақстанның әр аймағынан 1 847 дәрігер халықпен байланыста. Олардың барлығы медициналық тәжірибесі мол кәсіби мамандар.

Қызмет қалай жұмыс істейді? 1430.kz сайтына кіріп, қажетті маманды таңдайсыз. Кез келген өңірден хабарласуға болады және маманнан консультация алу үшін өзіңізге қолайлы уақытты белгілейсіз.

Бүгінде шалғай ауылдарда хирург, лор-дәрігер, неврологты айтпағанда, қарапайым терапев жетіспейді. Аталған дәрігерлерден кеңес алу өте қиын.

Ал, үлкен қалаларда мәселе мүлдем басқа. Мұнда маман көп, бірақ тұрғындардың дәрігерге баруға уақыты жоқ. Себебі, жұмыстан қолы босамайды, көшеде кептеліс, емханаларда ұзын-сонар кезек. Демек, дәрігерге жету үшін жарты күн кетеді.

Осы мәселелерді ескеріп, 1430.kz қызметі іске қосылды. Дәрігерден кеңес алу үшін оның қабылдауына барудың қажеті жоқ. Үйде отырып басқа қаладағы дәрігерімен сөйлесе аласыз. Дәрігерлер онлайн кеңес береді, тіпті, қан, зәр, МРТ, КТА анализін де қарайды.

Бүгінде 2 мыңнан астам адам 1430.kz сервисін пайдаланды. Күн сайын дәрігерлер 150-200 тұрғынның сұрақтарына жауап береді. Онлайн-өтініштердің статистикасы өсуде.

Карантин кезінде 1430.kz платформасының мүмкіндігі мен медициналық қызметтерге деген сұраныс артты. Карантинде қазақстандықтардың басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуде. Адамдарда өзінің және жақындарының денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік туды. Осы орайда, 1430.kz сайтына кіріп, үйден шықпай-ақ мамандарға хабарласуға болады.

Айта кету керек, төтенше жағдай режимі кезінде 1430.kz қызметінің мамандары халыққа тегін кеңес берді. Бұл қиын уақытта қазақстандықтарға үлкен қолдау және көмек болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<