Карантин кезінде Qoldau-24/7 мобилдік қосымшасына сұраныс артты

1027

0

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап Елімізде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы күшіне еніп, халыққа медициналық көмек жаңа форматта көрсетілуде.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл ең біріншіден, халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС- жүйе қатысушыларына дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді. Яғни, МӘМС жүйесіне қатысушы азамат амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационарды алмастыратын көмек, жоғары технологиялық медициналық қызмет, амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету көзделген қызмет түрлерін ала алады.


МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әр адамның ынтымақты жауапкершілігіне негізделген: мемлекет экономикалық тұрғыда белсенді емес тұрғындар үшін (15 санаттағы азаматтар), жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін, жұмыскерлер кірістен және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өздері үшін жарна енгізуге міндетті.


МӘМС жүйесінің енгізілуімен қатар, халық тарапынан көптеген сұрақтар туындап, шағымдар түсуде. МӘМС жүйесі туралы ақпаратты беру, өзекті мәселелерді шешу және шағымдарды қарау мақсатында, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік Қоғамымен Call-орталық ашылды. Кез келген азамат тегін 1406 номерін теру арқылы осы Call-орталығына қоңырау шалып, сапасыз медициналық көмек көрсеткен медициналық мекемесіне шағым қалдыруына болады. Бұл шағымдар бойынша медициналық мекеменің қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізіліп, науқастың құқығы бұзылып, кемшіліктердің орын алуы расталған жағдайда, тиісті шаралар қолданылады.


Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен «Qoldau-24/7» мобилді қосымшасы әзірленіп, биылғы жылдың маусым айынан бастап іске қосылды. Qoldau-24/7 мобилді қосымшасы – азаматтардың өтініштерін өңдеу жүйесіндегі кері байланысты қамтамасыз ететін ең тиімді тәсіл.


Әсіресе қазіргі сәтте, карантиннің кезінде, Qoldau-24/7 қосымшасы сұранысқа ие. Себебі, азаматтардың көпшілігіне өтінішті электронды тәсілмен қалдырған ыңғайлы. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі.


Жылдың басынан бастап «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалына азаматтардан 91 шағым келіп түсті, оның 87-і – 1406 Call-орталығы арқылы, ал 4 шағым -Qoldau-24/7 мобилдік қосымшасы арқылы келіп түскен.


Бұл шағымдар бойынша жан-жақты, объективті тексерулер жүргізіліп, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қанаттандыру бағытында жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, шағым берушілермен телефон байланысы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Халықтан келіп түскен шағымдардың басым көпшілігі, ол – дәрі-дәрмектерді тегін алуы, жоспарлы медишциналық көмек алуы, маманның көрсетілуімен жоғары технологиялық медициналық қызметтерді (МРТ,КТ,УЗИ) тегін алуы болып табылады.


Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.

Сәуле Абдамитова,

«ӘМСҚ» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы өтініштерді қарау және халықты ақпараттандыру бөлімінің сарапшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<