Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген

1843

0

Фото: m.pln24.ru

Бұл туралы бүгін медицина мамандарын кәсіби меркемен құттықтаған Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың құттықтауынан мәлім болды.

«Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлт саулығы – мемлекетіміздің басты құндылығы. Мәртебелі міндетті абыроймен атқарып жүрген ақ халатты абзал жандардың қажырлы еңбектері әрдайым ұлықтауға лайық. Бұл ретте денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту, медициналық қызметтің сапасын арттыру, дәрігерлерге жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала бермек», – деп жазды Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінде елімізде 270 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етуде, жоғары оқу орындарында 70 мыңға жуық болашақ маман білім алып жатыр. Осынау қастерлі мамандыққа деген адалдықтың нағыз эталоны болып табылатын дәрігерлер қауымы шын мәнінде биік адамгершілік пен шексіз мейірімнің, еңбекқорлықтың ерен үлгісін көрсетіп келеді. Соңғы 5 жылда дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеп, өмір сүрудің орташа көрсеткіші ұзарды.

«Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, осынау мерейлі күнде дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!», – деді Премьер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<