Коронавирус: Атырау облысы қайтадан «сары» аймаққа кірді

497

0

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 9 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр. Ал қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта ешбір облыс жоқ. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «сары» аймақта орналасқан.