Елде 22 шілдеде 64 адам коронавирустан, 10 адам пневмониядан көз жұмғаны белгілі болды.
Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан (1381), Алматы (996), Шымкент (488) қалаларында, Қарағанды (794), Атырау (489), Батыс Қазақстан облыстарында (235) өршіп тұр.
Кешегі мәлімет бойынша, 71 221 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 21096 науқас стационарда, 50125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 1258 адамның жағдайы ауыр болса, 274 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал, 166 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 15 өңір, яғни, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл аймақта». «Сары аймақта» Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұрса, «жасылда» бірде-бір өңір қалмады.
23 шілдедегі мәлімет бойынша елде вакцинаның I компонентін 5 054 970 адам салдырды, II компонентпен 3 075 907 адам егілді. Ал облыста 21 шілдедегі мәлімет бойынша вакцинаның I компонентін 207169 адам салдырса, II компонентпен 123599 адам қамтылды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<