Қызылордада коронавирус қайта күш алды

1605

0

Құрметті қызылордалықтар!


Қазіргі таңда әлемде коронавирус инфекциясы қайта өршіп, бірнеше елде шектеу шаралары күшейді. Біздің елімізде де ахуал мәз емес. «Қызыл» аймаққа енген өңірлер саны өсті. Қызылорда «жасыл» аймақта болғанымен соңғы 5 күнде ауру көрсеткіші едәуір өсті. Күн сайынғы вирус жұқтыру қарқыны артып келеді. Өткен тәуліктің өзінде 27 жағдай тіркелді. Бұл – жыл басынан бергі бір күндік ең жоғарғы көсеткіш.


Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 4071-ге жетті. Оның 3%-і сырттан тасымалданса, 56%-і скринингтік тексеру нәтижесінде анықталған, 41%-і қарым-қатынас арқылы жұқтырған.


Ауру көрсеткіштерінің өсуі наурыз мерекелерінен кейін көрініс тауып отыр. Бұл мейрам күндері карантин талаптарына қарамастан мерекелік коропоративтер, жасырын той-жиындар жасап, шектеу шараларын бұзудың салдары деуге болады. Карантинге алынып, үй-жағдайында оқшауланған адамдар мен оларға күтім жасайтындардың да сақтық шараларына салғырт қарауы жағдайды ушықтыруда. Себебі вирустың адамға әсер ету жылдамдығы жоғары. Оның үстіне вирустың мутацияланған жаңа штамдарының белсенділігі әлем бойынша артып келеді.


Қызылорда «жасыл» аймақта болғанымен арқаны кеңге салып, бейқам отыруға болмайды. Керісінше сақтық шараларын әлсіретпей, күшейту қажет. Көрме, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық салтанатты, естелік, ойын-сауық іс-шараларын, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.


Бетперде киюге, жеке гигиена ережелерін, қоғамдық орындарда арақашықтық сақтауға, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болған және тыныс алу қиындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырамын. Ата-аналарға күн сайын балаларға сақтық шараларының маңыздылығын түсіндіріп отыруы тиіс.


IV тоқсаннан бастап білім беру дәстүрлі форматқа көшірілді. Мектеп оқушылары арасында аурудың таралу қарқынының алдын алу мақсатында шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезінде білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленді. Бұл әрбір мектепте бұлжытпай орындалуы керек.


Әрбір тұрғын мамандар кеңесіне құлақ асып, карантин талаптарын орындаса, инфекцияны ауыздықтауға мүмкіндік туады.

Динара ЖАҢАБЕРГЕНОВА,

облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<