Коронавирус: Қазақстанның 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр

745

0

Денсаулық сақтау министрлігі 4 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның төрт облысы «қызыл» аймақта тұр. Кеше, яғни 3 ақпанда Батыс Қазақстан «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткен еді, алайда бүгін ол өңір қайтадан «қызыл» аймаққа енгізілген. Сонымен қатар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары да қызыл аймақта тұр. Одан бөлек «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстары бар. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан әлі де «сары» аймақта тұр. Еске сала кетсек Қазақстанда өткен тәулікте 1110 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан болатын. Әйтсе де елде індеттен жазылғандардан гөрі әлі де жұқтырған азаматтардың саны көп болып тұр. 3 ақпан күні елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1280 жағдайы расталған.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<