Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 272-ге жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 12 дерек тіркелді. Оның 11-і індет жұқтырған азаматпен байланыста болса, 1-еуі көпбейінді қалалық аурухананың изолятор кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, ем алуда», – деді ол.
Ауру жұқтырғандармен байланысқан 3695 азаматтың 2051-і жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама қарым-қатынаста болған.
«Құрметті облыс тұрғындары! Сақтық шараларын қатаң сақтап, бетперде киюді жалғастыруды сұраймыз», – деді облыстық бас дәрігері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<