Коронавирустың жедел кезеңінде тыныс алу жаттығуларын жасау зиянды.
Бұл туралы Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кез келген адам коронавирус вирусты, яғни жұқпалы процесс екендігін ұмытпауы тиіс. Әрине, жұқпалы процесс кезінде өкпеде, жалпы ағзада әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін. Жалпы, тыныс алу жаттығулары тиімді. Бірақ, жедел кезең аяқталғаннан кейін ғана. Кез келген инфекциялық аурулардың жедел кезеңіндегі тыныс алу жаттығуы немесе басқа да физиотерапиялық әдістер тек зиянын тигізеді», – деді Баян Тұрдалина.
Сондықтан оның атап өтуінше, тыныс алу жаттығуын пациент стационарда негізгі емін алып болып, үйіне жіберілгеннен кейін ғана жасауы қажет.
«Бұл жаттығулардың өкпе қызметін қайта қалпына келтірудегі маңызы өте зор», – деді инфекционист-дәрігер.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<