ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 20 387 адам короновирус инфекциясынан (13 165 КВИ+ және 7 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 236 адамның жағдайы ауыр;
– 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<