КВИ жұқтырғандарды электронды білезік арқылы қадағаламақ

498

0

15 шілдеден бастап Гонконг билігі коронавируспен ауыратындарға және оқшауланатындарға электронды білезік тағуды міндеттейді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоааралық комиссия мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай шара ауруды жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулау ережелерін бұзбауы мен үйлерінен белгіленген мерзімнен бұрын шықпауы үшін қажет. Сонымен қатар, денсаулық сақтау органдары үкіметтік қосымшада жұқтырған адамдардың цифрлық сертификаттарын қызыл түспен белгілеу мүмкіндігін қарап жатыр», – делінген ВАК мәліметінде. Гонконгта кеше COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 2 863 жағдайы анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<