Ләззат Ақтаева профилактикалық егуден бас тарту себептерін атады

760

0

2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егуден 1 423 адам бас тарту жағдайы есепке алынды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 5 айында 1 411 647 адам егілді. ҚР бойынша вакцинациямен қамту егуге жататындар санының 92 пайызын құрады. Вакцинациялаумен жеткіліксіз қамту төтенше жағдай кезінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізудің тоқтатылуына байланысты. Қазіргі уақытта жоспарлы вакцинация қайта басталды, оның ішінде төтенше жағдай кезінде екпе алмаған балалар егілуде», – деді ол. Оның атап өтуінше, 2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егулерден 1 423 бас тарту есепке алынды, 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өскені байқалды. Бұл ретте бас тартқан адамдар арасында егілгендер саны 725-тен 309-ға дейін 2 есе төмендеді. «Бас тарту себептері бойынша ең үлкен үлес салмақ жеке сенім бойынша бас тартуға келеді және ол жалпы бас тарту санының 52,9 пайызын құрайды, діни пайымдаулар бойынша – 29, вакцинаға сенімсіздік – 11, БАҚ-тағы теріс ақпарат бойынша – 6 пайыз. Бас тартқандар арасында 309 адам егілді», – деді Л.Ақтаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<