Медицина қызметкерлеріне 1555,4 млн теңге үстемеақы

916

0

«Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір-тамыз айларында COVID-19 ко­ро­на­вирусы таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған нау­қас­тарды емдеуге өңірге 291,7 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы кезеңде эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 1555,4 млн теңгеден астам үстемеақы қарастырылған. Жалпы, Қызылорда облысына қатерлі індетпен күреске шамамен 2 млрд теңге бөлінді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрігерлер үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қарастырылған.

Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).

Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.

Қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалының

халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<