Мектеп оқушысынан маймыл шешегі анықталды

490

0

Нидерланды Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, соңғы бірнеше күнде елде маймыл шешегі ауруының 64 жаңа жағдайы тіркеліп, оның ішінде мектеп жасындағы баладан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, баланың маймыл шешегін қалай жұқтырғаны әлі белгісіз, бірақ Нидерланды ұлттық денсаулық сақтау институты бұл жұқтырған адамның терісімен байланыста (жанасу) болғандықтан деп санайды.

Нидерландыда барлығы 352 маймыл шешегі инфекциясын жұқтырғандар анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<