Менің дәрігерім

1068

0

(Қызылорда қалалық №4 емхананың эндокринолог-дәрігері М.Қалиеваға)

Сөзі шипа, бір жан бар өзі керім,

Шақырады ай сайын, көрінемін.

Сәл сөйлессең, күдіктен үміт сыйлар,

Ол – менің дәрігерім!

Сауығудың үгіттеп нағыз емін,

Ішірткіге таңбалап дәрілерін,

«Жазылыңыз тезірек» деп тілейді,

Менің дәрігерім!

Тәтті құмар дертпенен әбігермін,

«Қимылдаңыз, өлең жаз, төгілер мұң».

«Аға, әдемі қартаю керек» дейді,

Менің дәрігерім!

Ықыласынан кеселден емделермін,

Жақсы көріп біріндей немеремнің.

Есімі де – Махаббат – қандай ғажап,

Ол – менің дәрігерім! 

Тілеген БЕКАРЫСТАНОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<