Құрметті медицина қызметкерлері!
Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке әрқашан сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің қаншалықты маңызды және баға жетпес екенін көрсетеді.
Өмірінде аталған саланың жұмысымен бетпе-бет келмейтін, көмегіне жүгінбейтін жан жоқ. Өйткені, бәрі ұзақ және белсенді өмір сүргісі келеді. Ал адамның ең қымбат байлығы – денсаулығын қорғауда, сақтауда ақ халаттылардың еңбегіерен.
Ал бұл дәрігерлерден білімділікті, кәсіби адалдық пен адами қасиеттерді талап етеді.
Соңғы жылдар еліміз ғана емес, бүкіл әлем үшін сынаққа толы кезең болғаны рас. Пандемия жағдайында сала өкілдері қырағы сарбаздай алдыңғы шептен көріне білді. Бұл мерекенің ерекшелігі – сіздердің көпшілігіңіз оны жұмыс орнында пациенттердің денсаулығы мен өмірін қорғау арқылы атап өтесіздер. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз бен адалдықтарыңыздың арқасында әлем қауіпті дертке тойтарыс бере алатынына сенім зор.
Сіздерге адамдарға көрсеткен қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Қадірлі әріптестер! Сіздерге толағай табыс, еңбекте жеміс, денсаулық тілейміз. Отбасыларыңызда береке-бірлік, елімізде тыныштық болсын!
Құрметпен, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<