МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?
1. Медициналық қызмет көрсетілуіне өз қалтамыздан қаражатты неғұрлым аз жұмсаймыз
2. Клиника мен дәрігерді өзіміз таңдаймыз
3. Медициналық көмек сақтандырылушының табысы мен жарна көлеміне байланысты емес
4. Сақтандыру қымбат оталарды, диагностиканы және емделуді өтейді
5. Сақтандыру бойынша жеке меншік медициналық ұйымдарға жүгіну мүмкіндігінің болуы
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?
1. Әрбір адамның тұрмыс сапасын арттыратын медициналық көмек
2. Қымбат тұратын лабораториялық қызмет түрлері және диагностика
3. Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен кең көлемде қамтамасыз ету
4. Стационарды алмастыратын медициналық көмек
5. Жоспарлы түрде ауруханаға жатудың жоғары қолжетімділігі
6. Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту
МЕМЛЕКЕТ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА КІМ ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕЙДІ?
1. Балалар
2. Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар
3. Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
4. Баланың (балалардың) үш жасқа толғанға дейін іс жүзінде бағатын жұмыссыз адамдар
5. Баланы (балаларды) тууына байланысты, жаңа туылған нәрестені (нәрестелерді) асырап алуға байланысты, оның (олардың) үш жасқа толғанға дейін күтім жасауға байланысты демалыста болған адамдар
6. Мүгедек балаларды күтетін жұмыссыз адамдар
7. Зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалар, оның ішінде Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектер
8. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде сот үкіміне сәйкес жазаларын өтеп отырған адамдар (ең төмен қауіпсіздік мекемелерінен басқа)
9. Тергеу орталығында ұсталатын адамдар
10. Жұмыссыз оралмандар
11. «Алтын алқа», «Күміс алқа»-мен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
12. Мүгедектер
13. Орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі оқу орындарында күндізгі оқудағы тұлғалар
14. Әскери қызметшілер
15. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері
16. Арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері
ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІКПЕН БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН МЕМЛЕКЕТ ҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ?
1. Әрбір азамат үшін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларда медициналық көмек көрсету
2. Емханаларда қызмет көрсету (медициналық-санитариялық алғашқы көмек)
3. Жедел медициналық көмек
4. Жүктілікті қадағалау
5. 1 жасқа дейінгі балалар патронажы
6. Егу
7. Скрининг
8. Диагностикалау және емдеу
Әлеуметтік маңызы бар ауру түрлерін (туберкулез, АИТВ, психикалық күйзеліс және мінез-құлықтың күйзелісі, қатерлі ісік аурулары);
негізгі және созылмалы ауруларды (диабет, артериялдық гипертензия, жұқпалы гепатит, ревматоидтық артрит және т.б.);
айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті жұқпалы ауру түрлерін диагностикалау және емдеу.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<