Несеп-жыныс жүйесі ауруларына МӘМС аясында ота тегін жасалады

1757

0

Әрбір адам несеп-жыныс жүйесінің ауруларына тап болады. Ерлерде жиі кездесетіндердің бірі қуық асты безінің аденомасы, әйелдерде – инконтиненция. Осы және басқа сырқаттар «Medium» урология және андрология медициналық орталығында МӘМС аясында тегін емделеді.

 Қызылорда қаласының тұрғыны Ғалымжан Әбілдаев емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша келді. 57 жастағы ер адамға қуық асты безінің аденомасы диагнозы қойылды. Науқасқа ота жасалды, барлығы сәтті өтті.

«Емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша емхана осы медициналық ұйымға жолдады. МӘМС аясында ота жасалды, қазір емделіп жатырмын. Дәрігерлерге мың алғыс», – дейді Ғалымжан Әбілдаев.

Урология және андрология орталығында МӘМС аясында түрлі оталар тегін жасалады. Мысалы, туа біткен крипторхизм (баланың іштегі дамуы кезіңде ендердің біреуі немесе екеуі ұмаға түспей қалуы), гидроцеле (ұманың қуысында сұйықтық жиналуы) немесе гипоспадия (уретраның дамымауы) болса. Әйелдерге дәрет ұстай алмаған жағдайда хирургиялық араласу жасалады. Обструктивті азооспермия (бұл ұрпақты болу арнасындағы бітелу салдарынан сперматозоидтың шыға алмайтын жағдайы) диагнозы қойылған ерлерге оталар қолжетімді.

«Оталар аз инвазивті, бұл тіліксіз, кішкене тесіктер арқылы жасалатын хирургиялық оталар. Біз оларды соңғы үлгідегі жабдықты пайдалана отырып жасаймыз. Қуық асты безінің аденомасы кезіндегі отаның құны – 330 мың теңге, бүйректегі кистаны алып тастау – 800 мың теңге. МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған пациенттерге диагностика, емдеу және оталар тегін жүргізіледі. Жыл сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан біздің клиникаға шамамен 170 млн. теңге бөлінеді», – деді «Medium» урология және андрология орталығының директоры Олжас Байтөреев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<