Коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасы бойынша Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енді.
Жалағаш, Шиелі, Қармақшы және Арал аудандары – «жасыл», Жаңақорған, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласы – «сары» аймақта.
Жыл басынан бері бүгінге дейін Сырдария ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 79 жағдайы тіркелді. Сәуір айының 13 күнінде 43 дерек анықталып отыр.
Ауданның қызыл аймаққа енуіне байланысты қазіргі таңда ауданда шектеу шаралары, оның ішінде карантинді күшейту туралы ауданның бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын қабылдау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Айман Жанахаева,
Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<