Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту керек – Асқар Мамин

582

0

Әкімдер эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауы керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемиямен байланысты жағдай күрделі екенін көріп отырмыз. Қазірдің өзінде 8 аймақ «қызыл аймаққа» кірді. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі 41 пайызды, ал реанимациялық орындардың жүктелуі 27 пайызды құрап отыр. Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,15 пайыз. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханалардағы орындардың толық дайындығын қамтамасыз етуі қажет. Біздің міндетіміз – санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және вакцина алатындардың санын арттыру», – деді А. Мамин.

Осы орайда Үкімет басшысы тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Біріншіден, әкімдер эпидемиологиялық жағдайға байланысты жедел шектеу шараларын қабылдауы керек.

«Барлық емдеу мекемелері дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толығымен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту қажет», – деді Премьер-Министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<