Өткен тәулікте 12 адамнан коронавирус індеті анықталды

437

0

Өткен тәулікте Қызылорда облысында 12 адамнан коронавирус індеті анықталды. Тіркелген науқастардың 2-і Қызылорда қаласының, 5-уі Жалағаш, 1-уі Сырдария, 4-уі Шиелі ауданының тұрғындары. Соңғы тәулікте 5 науқас емделіп шықты. Оның 3-уі Қазалы, 5-уі Жалағаш, 1-і Сырдария, 4-уі Шиелінің тұрғыны. Пандемия кезеңінен бері 3627 адам емделіп шыққан. 24 сағат ішінде зертханаға 278 сынама тапсырылған. Оның 209-ы тексерілген, 69-ы бойынша жұмыс жасауда. 17992 қалдық тест қалып отыр. Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 43 науқас, инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас ем қабылдап жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<