ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті туралы айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады», – деп жазды Президент twitter парақшасында.





