14 маусым дүниежүзілік Донор күні. Осыған орай облыстық қан орталығында «Қан тапсырыңыз, әлемде тіршілік жалғасын тапсын» апталық акциясы жүріп жатыр. 14 маусымда басталған игі шара 18 маусымда аяқталады. Бүгінге дейін аймақта 36 адам түрлі топтағы қан тапсырған.
Орталыққа барған донорлар адам өміріне араша болып қана қоймай, өз қанының жасаратынын да айтуымыз керек. Сондай-ақ тұрақты донорларға республикалық Қызыл Ай қоғамының облыстық филиалы тарапынан түрлі сый-сияпат тапсырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<