Қарағанды облысында аудандық ауруханалардың бірінің директоры қоластындағы қызметкерлерге төленген үстемеақыдан үлес ретінде пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Telegram каналында осындай мәлімет жарияланды.
«Қарағанды облысындағы аудандық ауруханалардың бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуге қатысатын жұмыскерлердің үстемеақысынан үлес ретінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті адамға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп жазылған агенттіктің ақпаратында.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзін пандемиямен күрес жөніндегі мониторинг тобының өкілі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарынан ақша бопсалаған елордалық күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<