Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында былтырдан бастап елімізде «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Осы орайда «ЭКО» бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін, яғни, 7 есе көбейту міндетін қойды.
Қуаныштысы, аталған бағдарлама аясында, биыл Қармақшы ауданында (ЭКҰ) экстракорпоральді ұрықтандыру рәсімімен алғашқы сәби ота жолымен дүниеге келді. Салмағы 3 келі, 300 грамм болатын ер баланы ата-анасы екі жыл нәтижелі емделуден кейін өмірге әкеліп отыр.
38 жастағы анасы өткен жылдың наурыз айында барлық құжаттарын рәсімдеп, ЭКҰ өткізу үшін Шымкент қаласындағы «Доктор Тарарака» клиникасын таңдаған. Қуаныштарына орай, алған емдері нәтижелі болғанын айтады.
Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы.
Айта кету керек, ЭКО бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосылған. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік саналады. Қазіргі уақытта осы әдіспен 22 мыңнан астам бала дүниеге келген.
Альбина ЖҰМАБАЕВА,
Қармақшы аудандық ауруханасының
перзентхана бөлімінің меңгерушісі,
бас акушер-гинеколог.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<