Қазақстанда КВИ жұқтыру жағдайы 29 пайызға азайды – Денсаулық министрі

671

0

Бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатаң карантин шараларының нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қатаң карантин шаралары енгізілгелі бері, яғни 5 шілдеден бастап үш аптаның ішінде КВИ жұқтырудың 35 951 жағдайы тіркелді. Жалпы қатаң шектеу шараларын енгізген сәттен кейін тіркелген жағдайлардың 29 пайызға азайғаны байқалады. Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтыру бойынша жағдай күніне орташа есеппен 1600 адам деңгейінде тұрақталды. Сонымен қатар, төсек орындар 43 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек орындар 27 пайызға босады», – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша жұқтырғандардың ішінде сауыққандардың үлесі 63 пайызға артқан.

«Осылайша денсаулық сақтау жүйесіне түскен жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді», – деді ол.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<