Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясын қайта жұқтырғандар тіркелген бе деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство өкілінің хабарлауынша, бүгінде ондай оқиғалар болған жоқ. Алайда ауруханадан шыққаннан кейін екі апта ішінде ПТР тесілеу тағы оң нәтиже көрсетіп, науқас қайта ауруханаға жатқан бірнеше дерек тіркелген.
«Бүгінде мұндай деректер тіркеле алатынын растайтын мәліметтер бар, себебі ПЦР әдісімен вирустың өмір сүруге қабілетсіз қалдықтарын анықтауға байлады. Мұндай пациенттер айналасына қауіп төндірмейді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<