Қазақстанның жеті бірдей өңірі коронавирустың «қызыл» аймағында тұр

977

0

Қазақстанның жеті өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

22 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

«Сары» аймақта – Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстары.

Қалған өңірлер «жасыл» аймаққа енген.

Соңғы күндері республикада індетке шалдыққандар көбеюде. Мәселен, өткен тәулікте 1430 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Осыған байланысты облыстар мен қалаларда карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласында 18 қаңтардан бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді. Оған сәйкес, демалыс күндері сауда орталықтары жабық болады. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да  қысқарды.

sputnik.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<