Қызылорда екпе алудан алдыңғы қатарда

604

0

«Өңірімізге отандық «QazVac» вакцинасының 4 мың дозасы жеткізіліп, қала, аудан емханаларына бөлінді. Тұрғындар егу жұмыстарын бастап та кетті», – дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.

Жалпы, республика бойынша екпе алудан Қызылорда облысы алдыңғы қатарда келеді. Бүгінге дейін облыста коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 223 487-ге жетіп, халықтың қамтылуы 55,8 пайызды құрады. Ал 2 компонентін алғандар 157 014 адам. Бұл халықтың 39,2 пайызына тең.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін екпе алғандар арасында 130 науқас қана короновирус ауруымен ауырған. Толық 2 компонентін алғандардың ішінде 22 жағдай ғана тіркелді. Дегенмен, адам денесінде толық иммунитет қалыптасуы үшін 14-45 күн өтуі қажет. Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<