Қызылорда қаласында 3 күнде 340 адам вакцина салдырды

902

0

Қызылорда қаласында «COVID-19» жұқпасынақарсыекпе жасау жұмыстары қарқынды жүруде. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бүгінге дейін 340 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 320-сы медицина қызметкерлері болса, қалған 20-сы еріктілер.

 №6 қалалық емхананың аға мейірбикесі Ләззат Байтабынова – ерікті түрде екпе алғандардың бірі. Вакцина салдырғаннан кейін денсаулығымда еш өзгеріс болған жоқ дейді.

– Тұрғындармен жиі қатынасқа түсетіндіктен медицина қызметкерлінің вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Сондықтан дәрігерлердің екпе салдырғаны дұрыс деп есептеймін. Қазіргі таңда осы вакцинацияның арқасында көптеген дерттің алдын алуға қол жеткіздік. Бұл вакцинаның да коронавирус инфекциясының қаупін сейілтеріне сенімдімін. Екпе салдырғалы бері денсаулығымда еш өзгеріс орын ала қойған жоқ. Сондықтан өзге азаматтарды да вакцина салдыруға шақырамын», – дейді ол.

Өңірімізге «Спутник V» ресейлік вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қалғаны кезең-кезеңімен келетін болады. Бұл жұмыстарға қазір №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеттері дайындалды және екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике, 89 дублер тартылған. Алғашқы кезеңде екпе қабылдағандардың денсаулығы бірқалыпты, еш шағымдары жоқ дейді мамандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<