Өткен тәулікте Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 22 жағдайы тіркелді.
9 дерек Қызылорда қаласында, Арал мен Сырдарияда 2 жағдайдан, 3 жағдай Жаңақорған ауданында және 6 жағдай Қазалы ауданында тіркелді.
Құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, секілді ауру симптомдары 8 адамда байқалса, қалған 14 адамда аурудың симптомсыз түрі анықталды. Тіркелген жағдайлардың басым бөлігі вирус жұқтырған науқастармен жақын қарым-қатынаста болған
адамдар арасынан анықталды-17 жағдай.
Ауру ошақтарында профилактикалық, эпидемияға қарсы шаралардың барлығы жүргізілді. Жақын қарым-қатынаста болған 65 адам қазіргі таңда медициналық бақылауға алынды.
Соңғы аптадағы көрсеткіштер бойынша бүгін Қызылорда эпидахуалды бағалау матрицасында тәуекелі орташа «сары» аймаққа өтті.
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №4 Қаулысына сәйкес карантиндік шараларды күшейту эпидемилогиялық ахуал асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі. Бұл мәселе облыстық штаб отырысында талқыланатын болады. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері ең жоғары көрсеткіш ақпан айында тіркелді-240 жағдай.
Ал осы бір айдағы көрсеткіштің жартысынан көбі сәуір айының небәрі 7 күнінде тіркеліп отыр-201 жағдай. Бұл эпидемиологиялық ахуалдың күн сайын күрделеніп жатқандығын көрсетеді.
Карантин режимінің енгізілгеніне 1 жылдан астам уақыт өтті. Сақтық шаралары тұрғындардың барлығымен толық орындала бермейді. Сақтық шараларына салғырт қарау жағдайды одан сайын ушықтыра береді. Сондықтан бетперделік режим әлі де сақталады. Тек халықтың 60% вакциналанған жағдайда ғана бұл міндет алынуы мүмкін.
Президент те барша қазақстандықтардың денсаулығы және материалдық игілігі жаппай вакцина салдырудың сәтті өтуіне байланысты болмақ деп атап өткен болатын. Жақын арада облыста жаппай вациналауды бастау жоспарлануда. Екпенің кезекті партиясы келгеннен кейін кез келген тұрғын өзінің тіркелген емханасынан коронавирусқа қарсы екпе ала алады.
Айман Жанахаева,
Қызылорда облысы санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз хатшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<