Қызылордада 6 медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

1202

0

Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 340-қа жетті. Оның 233-і сауығып шықты.

«Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Оның 6-ы – медицина қызметкері. Есепте тұрған 2 науқас скринингтеу кезінде, 1 адам фильтр кабинетінде анықталды. Ал 6-ы – індет жұқтырғандармен байланыста болғандар. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, хаттамаға сәйкес ем алуда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<