Қызылордада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды

919

0

Фото: облыстық көпбейінді ауруханасы

Қызылордада облыстық көпбейінді ауруханада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды.

Ота барысында 24 жастағы азаматшаға 45 жастағы апасы донор болды.

Науқасқа терминалды бүйрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Ол ең алғаш 2018 жылы трансплантация жасатқан. Ол кезде ағасы донор болған. Алайда науқас пандемия кезінде COVID-19 дертіне шалдығып, бүйрек ауруын асқындырып алған. Сондықтан науқас екінші мәрте ота жасатуға мәжбүр болған.

Қызылордада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды

«Күрделі отаны аурухана директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, директордың хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы және А. Н. Сызғанова атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің білікті мамандары жасады. Білікті мамандар өз тәжірибесімен еліміздің барлық дәрігерлеріне онлайн шеберлік сағаты арқылы бөлісті. Операция сәтті өтті», — деп атап өтті ауруханадан.

Облыста білікті мамандар артып, күрделі оталар жасалып жатыр. Айта кету керек, бұл — аймақтағы бесінші бүйрек трансплатациясы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<