Қызылорда облысында COVID-19 вирусына шалдыққан науқастар арасында «Дельта» штамын жұқтыру ықтималдылығы анықталды.
Коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсеткен 22 сынама іріктеп алынып, вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасына жолданды. Оның 59,1%-нен немесе 13 сынамадан үнді мутациясына күдікті жағдай тіркелді. Демек облысымызда циркуляцияда қауіпті штамның болуы жоққа шығарылмайды.
«ДЕЛЬТА» ШТАМЫ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?
‼️Ауру ауыр және өте ауыр ағымда өтеді
‼️Жұқпалылығы 60%-ке жоғары
‼️Құлақтың есту қабілеті бұзылып, кереңдікке алып келеді
‼️Балалар мен жүкті әйелдерде асқынған түрде өтуі мүмкін
‼️Ерте кезеңде өкпенің зақымдану аймағының ұлғаюымен ауру тез дамиды
‼️Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жиі зақымдануымен сипатталады
‼️Балалар арасында тыныс алу жеткіліксіздігі клиникасымен пневмонияның ауыр ағымы жағдайлары артқан.
‼️Балалар отбасы ішіндегі байланыстар, соның ішінде жанұялық іс-шаралар, тойларға бару арқылы жұқтыру болжамы эпидзерттеу кезінде анықталды.
‼️Ауруханаларда жастардың үлесі артқан
‼️Егде жастағы адамдарға қауіптілігі күшейген
САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ
✅Маскалық режим
✅Әлеуметтік арақашықтық
✅Адам көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастырмау және оларға бармау
✅Шетелдік іс-сапарларды шектеу
✅Қол гигиенасы
✅Ең тиімді әрі маңызды қорғаныс – ВАКЦИНА САЛДЫРУ.
💉Жаппай екпе алу – аурудың жаңа штамдарының пайда болуының алдын алады.
💉 Екпелердің екі компонентін арасын ұзартпай толық курсын алу
💉Ғалымдардың зерттеуінше, вакцина алғаннан кейін пайда болған иммунитет ауырғаннан кейін түзілген антиденелерге қарағанда инфекциядан 10 есе жақсы қорғайды.
⚠️Әлемдегі, республикадағы аса күрделі эпидахуалды ескеріп, «Дельта» штамының бірнеше еселік қауіптілігін қаперге алып:
❌мерекелік демалыстарды тек отбасымен өткізіп, көпшілік жерлерге бармауға кеңес береміз,
❌мерекелік іс-шараларды онлайн форматта өткізуді ұсынамыз.
⚠️Барлық қызылордалықтарды бизнес өкілдерін сақтық шараларына жауапкершілікпен атқаруды сұраймыз.
🔆Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда.
Қызылорда облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<