Қызылордада науқастар саны 248-ге жетті

755

0

Бүгін облыста вирус жұқтырғандар саны 248-ге жетті. Барлығы бақылауда. Ал емделіп шыққаны – 205 адам. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Өңірде 17 мамыр күні коронавирус инфекциясымен 2 науқас анықталды. Анықталған жағдайлардың біріншісі коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған. Екінші жағдай көпбейінді қалалық аурухананың филтьр кабинетінің қызметкерінен шықты. Қазіргі таңда барлығының жағдайы тұрақты, бақылауда», – деді бас дәрігер.

Өткен тәулікте стационардан 5 науқас емделіп шықты. Сонымен жалпы есеп 205-ке жетті. Емделіп шыққандардың ішінде 37-і медицина қызметкері.

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған – 3474 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны –1889, жанама қарым-қатынаста болғаны – 1585 азамат.

Облыс бойынша 17 мамыр күні барлығы 390 сынама алынды. Нәтижесінде 221-і теріс мәнді, 2-уі оң мәнді. Ал 167 сынамамен жұмыс жасалуда. Қалдық текст-3400.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<