Қызылордада Тәуелсіздік күні 32 сәби дүниеге келді

19

0

Фото: денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аймағымызда 32 сәби дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тәулік ішінде дүниеге келген нәрестелердiң 20-сы қыз бала болса, 12-сi ұл бала.

– Қазіргі таңда барлық сәбилер мен аналарының жағдайлары дәрігерлердің жіті бақылауында. Айтулы күні дүниеге келген балалардың болашақта еліміздің мақтанышына айналар ұл-қыздары болып өсулеріне тілектеспіз, – делінген хабарламада.